Ақтөбедегі «Мәскеу» ауданы тұрғындарының түн тыныштығы бұзылды. Ай мен күннің аманында күштік құрылымдар жеке сектордағы бір үйге шабуыл жасаған. Онда белгісіз ер адам өзімен бірге тұратын әйелді кепілге алған. Бірақ ешкімге, ешқандай талап қоймаған. Арнайы операция кезінде күдікті ұсталып, кепілдегі әйел босатылды. Полиция қызметкерлері тіпті операция сәтті өтті деп хабар таратқан. Дегенмен, кейін кепілде болған әйелдің ата-анасы пышақ жарақатынан қайтыс болғаны хабарланды. 67 жастағы анасы жолда, 75 жастағы өгей әкесі ауруханада жан тапсырған.
———————————————
Telegram https://t.me/ne_zhanalyk
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.