Есірткі дүкендерімен байланысы бар 100 мыңдай шотын бұғатталды

Қазақстандық құқық қорғау органдары есірткі дүкендерімен байланысы бар 100 мыңдай банк шотын бұғаттады. Жалпы сомасы 2,3 миллиард теңгеден асады. Бұл жұмыс күштік құрылымдар мен екінші деңгейлі банктер мамандарының бірлесуімен жүргізілді.
Бас прокуратураның мәліметі бойынша, есірткі шоттарын анықтау, бұғаттау мүмкіндігі полицейлер мен қаржыгерлерге осы жылдың басында берілген. Жалпы ел аумағында 135 есірткі және психотроптық зат жеткізу арнасы жойылды. Заңсыз айналымнан 19 тонна есірткі зат тәркіленді. Сонымен қатар, «Кибербақылау» ақпараттық жүйесі арқылы нарко-дүкендерді бұғаттау жұмысы белсенді түрде жүргізілуде. Құқық қорғаушылар 6 мыңнан астам есірткі сайтының жұмысын тоқтатты.
———————————————