95 көлік соқтығысқан жол апатына кінәлілер әлі анықталмады

Ақмола облысында 95 көлік соқтығысқан ірі жол апатына кінәлілер әлі анықталған жоқ.
Естеріңізде болса, қаңтардың 3-і күні Астана – Щучинск трассасында күн райының қолайсыздығынан бір мезетте жүзге жуық көлік жаппай жол апатына ұшыраған еді. Соның салдарынан 20 адам зардап шекті. Оның 8-і бала. Кейін оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалған болатын. Бүгін «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы басқарма төрағасы Дархан Имашев тергеу ісі немен аяқталған айтып берді
ДАРХАН ИМАШЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
— Аталған жол апатына қатысты тиісті қылмыстық іс қозғалды. Сот процестері жүріп жатыр, кінәлілер әлі анықталған жоқ, процесс жалғасып жатыр. Алдын ала айта кетейін, жол қызметтері мен полиция қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны қабылдады. Жолдан өту кезінде камераларға тіркелген мәліметтер бар, кейбір жүргізушілер жылдамдықты асырған.
———————————————