Қазақстанда жыл басынан бері жүк айналымы 8,6%-ке ұлғайған. Ал транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов айтты. Оның айтуынша, қазір саланы цифрландыру мәселесіне айырықша ден қойылып отыр. Теміржол көлігінің сапасын жақсарту мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары да қолға алынған. Сонымен қатар Алдыбергенов трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, үш мың шақырым жол жаңғыртылып жатқанын баяндады. Мемлекет басшысы кездесуде Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компанияның үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.