Қазақстанда тұрғын үй қымбаттамайды

Қазақстанда тұрғын үй қымбаттамайды. Бүгін үкіметтегі брифингте бірінші вице-премьер Роман Скляр осылай деді. Оның айтуынша, жаңа Салық кодексі елдегі баспана бағасына еш әсер етпейді. Құрылыс саласына қатысты қосымша құн салығы жеңілдіктерінің жойылуы да бағаны көтермейді. Еске салсақ, келер жылдан бастап құрылыс компаниялары пәтер сатқанда 16 пайыз қосылған құн салығын төлеуге міндеттеледі. Кей сарапшылар: «Бұл өзгеріс үй құнының артуына себеп болады», — дейді. Алайда Скляр эконом-класс санатындағы пәтерлер құны қазір нарық деңгейінде екенін айтып, айтарлықтай өзгеріс болмайтынын жеткізді.
РОМАН СКЛЯР, ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бізде тұрғын үйдің бағасы жоғары емес. Мен бизнес-класс немесе элиталық емес, эконом-класс санатындағы баспананы айтып отырмын. Ол өзінің құнына сай және бұл сегментте бағаның құбылуы байқалмайды. Бұдан бөлек, мемлекет әлеуметтік бағдарламалар арқылы нарыққа түзету енгізіп отырады. Мысалы, «Бақытты отбасы» мен «Наурыз жұмыскер» сияқты бағдарламалар аясында салынып жатқан әлеуметтік баспананың бағасы нарықтық негізде, бірақ мемлекет бақылауымен белгіленеді.
———————————————