«Қазақстан халқы» қоғамдық қоры 500 білім грантын бөледі

2025-2026 оқу жылында «Қазақстан халқы» қоғамдық қоры еліміздің жоғары оқу орындарына 500 білім грантын бөледі. Бұл көмекке мұқтаж жандарды қолдауға арналған қайырымыдылық бағадарламасының бір бөлігі. Грантқа мына азаматтар өтініш бере алады. Жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған мүгедек балалар, ауылдық жерлерде және шағын қалаларда тұратын аз қамтылған отбасылардың балалары. Сол сияқты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары мен 2022 жылы қаңтарда қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары. Бағдарламаға талапкерлер 29 жасқа дейін қатыса алады. Грант жеке аударылмайды. Тек бір рет беріледі. Ал жоғары біліміңіз болса, тегін білім грантын ала алмайсыз.
ЖАННА ЕСЕНБАЕВА, БІЛІМ БЕРУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Биыл мемлкеттік гранттардың көлеміне келетін болсақ, мемлекеттік білім беру құрылымына келетін болсақ, басымдық техникалық мамандықтарға, инженерлік мамандықтарға беріліп отыр. Яғни 77 мың гранттың 60%-ы осы бағыттарға қарастырылған гранттар. 20%-ы педагогикалық мамандықтарға арналған гранттар. Биыл 13 мыңнан астам грант қарастырылып отыр.
———————————————