Бизнес бастау үшін 1,5 млн тг қайтарымсыз грант ала аласыз

Қазақстандықтар мемлекеттен жаңа бизнес бастау үшін 1,5 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант ала алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өтінім қабылдау 11 тамызда басталатынын хабарлады. Жоба аясында шамамен 4 900 грант беру жоспарланған. Сомасы – 400 АЕК, яғни 1 572 800 теңге, оны қайтарудың қажеті жоқ. Өтінімдер Business.enbek.kz порталы арқылы электронды түрде қабылданады. Үміткер тіркелген жұмыссыз не соңғы үш жылда ашылған жеке кәсіпкер болуы тиіс және әлеуметтік осал топтардың біріне жатуы қажет. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінен өткенін растайтын сертификат міндетті. Қаражат тек бизнеске қажет құрал-жабдық, мал мен құс немесе ғимаратты жалға алуға жұмсалуы керек.
———————————————