Желіде тараған бұл кадрлер Мысырдың Шарм-эль-Шейх шаһарында түсірілген. Әлемдік жұлдыз Дженифер Лопестің концертіне кіру үшін жанкүйерлердің жанталсып жатқанын көруге болады. ТАСС басылымының мәліметінше, адамдар концертке бірінші болып кіруге асығып, дүрбелең туғызған. Соның кесірінен көбі ішке кіре алмай, бірнеше сағат сыртта тұрған.
Айта кетейік, америкалық поп әншінің концерті ертең Астанада өтеді. Оған шамамен 25 мың көрермен билет сатып алған. 10 мыңы – шетел азаматы. Концерт «Астана арена» стадионында өтеді. Оған баратын адамдарды тасымалдау үшін қаланың 5 жерінен арнайы автобус қатынайды. Яғни жеке көлікті «Әзірет Сұлтан», «Орталық саябақ», «Бас мешіт», «Қазақстан» спорт кешені маңындағы автотұраққа қойып, қоғамдық көлікпен барған әлдеқайда тиімді. Өйткені шара барысында стадион маңында қозғалыс уақытша шектеледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарының 1200 қызметкері патурльдік бақылау жүргізеді. Айта кетейік, 10 тамызда Джей Ло концерті Алматыда жалғасады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.