Дональд Трамп жаңа баж салығын енгізді

АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Құжат Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды. Трамп әкімшілігі жаңа тариф жүйесін сауда серіктестерімен арадағы тауар айналымының көлеміне қарай үш санатқа бөлген. Бірінші санатқа – АҚШ-пен сауда әлеуеті тең елдер кіреді. Бұл мемлекеттер үшін 10% баж салығы белгіленген. Екінші санатта – Құрама Штаттармен сауда байланысы орташа деңгейдегі 40 ел. Олар үшін тариф мөлшері – 15%. Үшінші және ең жоғары салық салынатын топқа – АҚШ-пен сауда қатынасы жоқ немесе өте төмен елдер енген. Бұл топтағы мемлекеттерге 15% жоғары баж салығы енгізіліп отыр. Аталған елдердің қатарында Сирия, Лаос, Мьянма, Швейцария, Ирак, Ливия, бірқатар Африка елдері мен Қазақстан да бар. Біздің ел үшін белгіленген тариф мөлшері — 25%. Жаңа салық режимі бүгіннен бастап күшіне енді. Бұл өзгерістің елімізге қандай әсері бар? Сарапшы пікірін тыңдап көрейік.
ҚАЙЫРБЕК АРЫСТАНБЕКОВ, ЭКОНОМИСТ:
— Қазақстанға келетін болсақ, иә, бізге де қарсы тарифті көтеріп жатыр АҚШ, Вашингтон. Әлі де бұл жерде кішкене іріктелген саясат бар сияқты. Мысалы, Американың ұлттық мүддесіне аса маңызды сирек кездесетін шикізат түрлеріне, мысалы, тарифтер жоқтың қасы немесе аз. Бірақ кейбір тауар түрлеріне біздің экспорттық тарифті көтерді. Сондықтан осы тұрғыда бізде сыртқы саудаға ықпал етеді.
———————————————