Президент көлік саласы қызметкерлерін марапаттады

Президент көлік саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, оларды еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жатқан нағыз еңбек адамдары деп атады. Салтанатты жиында «Қазақстан темір жолы» компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Ол 66 жыл үздіксіз жұмыс істеп, теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға зор үлес қосқан. «Мемлекет үшін көлік саласының стратегиялық маңызы айрықша. Бұл – айқын нәрсе. Көлік жүйесі – әрбір елдің дамуының көрінісі. Онсыз экономиканың алға басуы мүмкін емес» екенін айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз арқылы өтетін дәліздердің инфрақұрылымын біртіндеп жақсарту қолға алынғанына тоқталды. Президенттің пікірінше, тағы бір маңызды міндет – әуе арқылы жүк тасымалын дамытып, Қазақстанды аймақтағы жетекші авиациялық хабқа айналдыру.
———————————————