Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұқпалы емес аурулардан өлім-жітімді төмендету бойынша әлем елдерінің рейтингін жариялады. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші болып, топ-10 мемлекеттің қатарына енді.
Атап айтсақ, рейтингтің көшін Бельгия бастады. Келесі елдер Дания мен Израиль. Ал Қазақстан төртінші орынға жайғасты. Сонымен қатар, рейтингтік тізімде Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Швейцария, Швеция және Эстония бар. Еліміз жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкопатологияға қарсы күрес бағытында кешенді әрі тиімді шараларды іске асырды. Мамандандырылған жүрек және инсульт орталықтары ашылып, емдеудің озық тәсілдері қолданылды. Биыл 100-жүрек трансплантациясы жасалды. Сол сияқты, артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті және қатерлі ісік аурларын ерте анықтауға баса мән берілді. Скринингтік шаралар Қазақстанда өлім-жітімді төмендетіп, орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін жетті.
ӘЛИЯ БЕКЖАНОВА, ДСМ АЖЖ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
— Қазақстан жұқпалы емес аурулардан болатын өлім-жітімді 25 пайызға дейін қысқартты. ДДСҰ мониторингінің деректері бойынша, Қазақстан осы топ-10 мемлекет сияқты жұқпалы емес аурулардың ұсынылған шаралардың 50% толығымен іске асырды және тағы 36% ішінара іске асырды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.