«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды

Қазақстанның барлық өңірінде республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. Шара 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Акция аясында аз қамтылған, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек беріледі. Балаларға мектеп формасы, кеңсе тауарлары, сөмке, аяқ киім мен басқа да оқу-құралдары беріледі. Көмек ата-аналардың өтініші бойынша немесе мұқтаждық анықталған жағдайда көрсетіледі. Акцияға қатысу үшін өңірлік білім басқармасына, мектепке немесе ХҚКО-ға жүгіну керек. Астана тұрғындары баласын мектепке дайындауды бастады ма? Халықтың пікірін білдік.
———————————————