Алматы облысында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Биыл өңірлік сынға 87 отбасы қатысып, олардың ішінен төрт әулет озып шықты. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын бұл байқау – отбасы институтының рөлін арттырып, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық әулеттерді дәріптеуге бағытталған ерекше жоба. Биылғы іріктеу кезеңі «Еңбек адамы» жылы аясында ұйымдастырылып, жұмысшы мамандық иелеріне ерекше назар аударылды.
ҚОҢЫР БЕКДАЙЫР, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:
— Біз ұлттық өнерімізді атадан балаға табыс етіп келеміз. Мысалы, менің әкем зергер болған, одан мен өзім жалғастырып, одан ұрпақтарыма үйретіп жатырмын, осылай ары қарай жалғаса береді деп мен ойлаймын.
БЕКСҰЛТАН ҚОҢЫР, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:
— Шебер болып өскенмін. Осындай сыбызғы жасауды ағамнан үйрендім. Сыбызғыда ойнауды да білемін, ағам үйреткен. Біз – мерейлі отбасымыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.