Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен қамалды

Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Сатжан Аблалиевті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қолға түсірген. Тінту барысында оның үйінен қомақты қаражат тәркіленді. Қызмет кабинетінен де біраз ақша табылды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбай отыр. Айта кетейік, салалық министрдің тағайындалғанына бір айдан астам ғана уақыт болған еді. Енді оның мансабына осы оқиғаның зияны тиюі мүмкін.
———————————————