Шымкентте құлағы нашар еститін қызды зорлаған жігіт сотталды. Сәуір айында 22 жастағы байжеткенді бір топ еркек зорлап, жазадан қашып құтылған еді. Енді күдіктілер қолға түсіп, оларға сот үкім кесті. Тергеу кезінде бірқатар сұмдықтың беті ашылды. Сыныптас екі жігіт бір қызды кезек-кезек зорлап келген. Ал наурыз айында үш еркек бойжеткенді көлікке күштеп отырғызып, қаланың шетіне апарып қорлаған. Алайда қылмыстық іс бойынша тек бір күдіктінің кінәсі дәлелденіп, сот 28 жастағы азаматты 8 жылға түрмеге тоғытты. Сондай ақ ол жәбірленушіге 3 млн теңге моральдық шығын өтейді. Тағы бір күдіктінің ісі қазір Түркістанда қаралып жатыр. Ал қылмысты көре тұра жасырған такси жүргізушісі тек куәгер ретінде танылды.
ГҮЛАЙХАН ТҰРСУМАНОВА, АДВОКАТ:
— Такси жүргізушісі бұл жерде куә ретінде өтті. Өйткені ол жерде ол қызға тиіскен жоқ. Оны қыздың өзі де мақұлдады, айтты. Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Біздің тарапымыздан аппелляциялық шағым берілмейді. Өйткені ата-анасы осы үкіммен келісіп отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.