Президент БҰҰ Бас хатшысымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев- Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесіп, маңызды келіссөз жүргізді. Жиын барысында- Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығы қызметінің перспективасы, Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесі, халықаралық және өңірлік күн тәртібі, басқа да өзекті тақырыптар талқыланды. Бұдан соң, тараптар- Біріккен Ұлттар Ұйымының Алматы қаласындағы өңірлік орталығына барды. Қазақстан Үкіметі мен Ұйым арасында- Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімге қол қою рәсіміне қатысты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ — ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:
— Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетуге, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға, сауда-саттықты жандандыруға және азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты бастамалар арқылы ауған халқына қолдау көрсетуді жалғастырады. Екі ел арасындағы сауда көлемі ұдайы өсіп келеді. Біз Ауғанстанның бейбіт тіршілігі мен дамуы қатар жүруі керек деп санаймыз. Адамның қадір-қасиеті мен халықаралық құқық бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды қамтамасыз етуге күш жұмылдырмайынша, тұрақтылыққа қол жеткізу мүмкін емес.
———————————————