АИ-92 маркалы бензин біртіндеп қымбаттап барады. Қыстың күні 205 теңге болған жанармай бағасы бүгін 222 теңгеге жеткен. Үкімет мүшелері бағаны әлі де өсіреміз деп отыр. Өйткені бензин бағасы көрші елдерде қымбат болғандықтан, алыпсатарлар біздің өнімге құмар. Ал энергетика министрлігі күзде мүлдем бензин таппай қалуымыз мүмкін деп болжам айтты.
Үкімет қазір бензин құнын бақыламайды. Ақпан айында бағаны нарық өзі реттейді деп еркіне жіберген. Бостандық алған бензин жеті айдың ішінде 17 теңгеге қымбаттады. Астана мен Алматыда литрі – 221-222 теңге, Қарағанды мен Таразда – 219 теңге.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.