Ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаев дүние салды

Бүгін қазақтың ұшқыш-ғарышкері Талғат Мұсабаев дүние салды. Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенантының қазасына қалың бұқара қайғыра көңіл айтып жатыр. Ол көзі тірісінде Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттiгінің төрағасы, Сенат депутаты болды. Ғарышта үш мәрте ғылыми зерттеу жүргізіп, саланың қарыштап дамуына сүбелі үлес қосты. Мемлекет басшысы Талғат Мұсабаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ — ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:
— Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын!
———————————————