Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен қамалды | 04.08.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЗОРЛЫҚШЫ СОТТАЛДЫ
Шымкентте қыз баланы топпен зорлау дерегі бойынша сот үкімі шықты. Негізгі күдікті 8 жылға сотталды. Екінші күдіктіге қатысты тергеу жалғасуда. Ал үшінші күдікті куәгер ретінде қарастырыла бастады.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПА, ҚАЙЫР ТІЛЕУ МЕ?
Қазір қаптап кеткен қайырымдылық қорларына бұқараның сенімі азайды. Сондықтан сарапшылар түрлі желеумен ақша сұрайтындарды тексеріп, қайырымдылық жасау механизмін заңмен реттеу қажет деп санайды.

САҚ ЖАУЫНГЕРІ
Ұлытауда сақ жауынгерінің сүйегі табылды. Өңір ғалымдары археологиялық қазба кезінде көне жәдігерге тап болды. Қазір ол жақ-жақты зерттеліп жатыр.
———————————————