Алматыдағы дәмхананың алдында төбелес шықты

Алматыдағы дәмханалардың бірінің алдында төбелес болды. Оны кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғындар бейнеге түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер оларды арашалауға тырысады. Алайда денесі қызып алғандар тәртіп сақшыларына да қол көтереді. Жергілікті полиция басқармасының хабарлауынша, бұзақылық бабы бойынша тергеу басталды. Төбелеске қатысқандар түгел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді әрбірі әрекетіне қарай жазаға тартылады.

Айта кетейік, қоғамдық тәртіпті бұзғандарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
———————————————