Шығыс Қазақстан облысында ірі металлургиялық кәсіпорындардан жиналған көпжылдық қалдық қайта өңделе бастады. Экологтар жергілікті өндіріс орындары өкілдерімен бірлесіп, 1950-1980 жылдары аралығында жиналған үйінділерді рекультивациялауға кірісті. Жауаптылардың сөзінше, негізгі жұмыс Өскемен қаласы, Глубокое және Алтай ауданында жүргізілмек. Айта кету қажет, экологиялық жобаға шетелдік компания 70 миллиард теңге инвестиция құймақ. Қытайлық компания өңірлік әкімдікпен өзара меморандум жасап, келісімге қол қойды. Осылайша, шығыстағы металлургиялық және көмір қалдықтарының үйінділері жойылады. Бір бөлігі терең өңдеуге жіберіледі. Ол үшін тіпті арнайы кәсіпорын құрылмақ.
ЕРЖАН СЕМБИНОВ, ШҚО ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Бұл қалдықтар Кеңес дәуірінен бері жиналып қалған. Жалпы көлемі шамамен 100 миллион тоннаға жуықтайды. Шетелдік компания оларды қайта өңдемек. Бұл – аймақта экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралардың бірі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.