Қасым-Жомарт Тоқаев- Біріккен Ұлттар Ұйымының теңізге шыға алмайтын дамушы елдерге арналған үшінші конференциясында сөз сөйледі. Жиын Түрікменстанда өтті. Бүгінде теңізге тікелей шығатын жолы жоқ 32 дамушы елде жарты миллиардтан астам адам өмір сүреді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл елдердің көбі әлі де қаржыландыруға, технологияларға және жаһандық нарықтарға қол жеткізуде түрлі кедергіге тап болып отыр. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатына әсер етіп, бәсекеге қабілеттілікті төмендетеді. Қазақстан Президентінің пікірінше, көптеген проблеманы шешу үшін, үйлесімді өңірлік күш-жігер мен белсенді халықаралық қолдау қажет.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:
— Қазір теңізге шығар жолымыз болмағанымен, келешекте амалын табамыз. Яғни құрлық арқылы байланыс орнатудың маңызы арта түседі. Орталық Азия өзара тиімді ықпалдастық қанат жайған аймаққа айналғанына куә болып отырмыз. Өңірдің сауда, инвестиция, көлік, байланыс және ресурстарды орнықты басқару салаларында даму әлеуеті жоғары.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.