Қазақстан мен Түрікменстан байланысы: басым бағыт – энергетика

Қазақ-түрікмен ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді. Сарапшылар осылай дейді. Басым бағыттардың бірі – энергетика саласы. Каспий теңізі мәселесі тағы бар. Сонымен қатар екі ел арасында сауда-саттықты арттыру жобалары да үлкен маңызға ие.
ҚАЗБЕК МАЙГЕЛЬДИНОВ – САЯСАТТАНУШЫ:
— Бүгін Президентіміз Авазадағы Түрікменстанда теңізге шығару жолы жоқ дамушы елдердің үшінші біріккен Ұлттар кооперациясына қатысу үшін келді. Одан бөлек Түрікмен және Қазақ қарым-қатынасы бойынша да екі жақты келісімшарттар және келісімдер болады деп күтілуде. Менің ойымша, бүгінгі таңда Қазақстан оны теңізге шығар жолы жоқ ең ірі құрлықтағы мемлекет ретінде осы конференция аясында бірнеше бастамаға ден қоймақ. Бұл еліміздің геосаяси және геоэкономикалық басымдықтарына және мүдделеріне сай келеді. Біріншіден, әрине, бұл орта дәліз. Бүгінгі таңда Қазақстан мына Транскаспий халықаралық маршрутын дамытуға барынша өз үлесін қосып жатыр. Біз тіпті көлік өзіміздің концепциямызды қабылдап қойдық. Ол жерге де осы орта дәліз мәселесін кіргіздік. Еуропа мемлекеттері де бұған үлкен қатты назар аударып жатыр. Өйткені Түрікменстан бүгінгі таңда мысалы, өзі Ауған мемлекеті арқылы Пәкістан мен Үндістанға шығатын ТАПИ жобасын жүзеге асыруға мүдделі болып отыр. Және де Қазақстанды осы ТАПИ-ді құрылысына шақырып отырған. Сондықтан бұл жердегі екі елдің ортақ мүддесі, әрине, ортақ дәліздерді дамыту.
———————————————