Медиация – дау-дамайды сотқа жеткізбей шешудің заманауи жолы

Бүгін – кәсіби медиаторлар мерекесі. Халқымыздың қалыптасқан қатпарлы тарихына үңілсек, көреген көсемдері, от ауызды, орақ тілді шешендері, бітіспес дауды бір сөзбен шешкен білікті билері көп болған. Бірақ қазіргі Медиация дегеніміз мүлдем басқа. Ол бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің баламалы, жаңа түрі. 2011 жылы «Медиация туралы» заң қабылданған. Елімізде 23 медиатор ұйымы тіркелген. 2000-нан астам кәсіби медиатор бар. Өңірлерде 1800-ден астам қоғамдық медиатор халыққа құқықтық көмек көрсетеді. Олай болса дау-дамайды сотқа жеткізбей, өркениетті жолмен шешудің тиімді тетігін ұсынып келе жатқан медиация мектебі жайлы не білесіз?
———————————————