СҚО-да инженерлер өрт сөндіретін робот жасап шығарды

Солтүстік қазақстандық инженерлер елімізде алғашқы болып өрт сөндіретін робот жасап шығарды. Қазақстанда баламасы жоқ ақылды қондырғы жергілікті зауыттардың бірінде құрастырылған. Енді өңір құтқарушылары адам өміріне аса қауіпті жанар-жағармай құю бекеттері мен улы газ тараған ортада тың құрылғының мүмкіндіктерін пайдаланады. Роботтың жан-жағына бірнеше камера орнатылған. Әрі қашықтан басқарылады. Салмағы – 150 келі. Секундына бір метрге жерге жылжиджы. Ал су бүрку қашықтықтығы 20 метрден асады. Ыстыққа аса төзімді. Өзін өзі оттан да сақтай алады. 8 сағаттан астам тоқтаусыз жұмыс істейді.
ӘДІЛ СПАЕН – СҚО ТЖД БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жарылыс болуы мүмкін деген жерлерде осы роботтың көмегіне жүгінетін боламыз. Ол кез-келген қиындықты еңсере береді. Қатты аязбен түтіндеген ғимарат ішінде еш қиындықсыз жүріп, өртті сөндіреді. Осылайша осының арқасында біздің мамандардың жұмысы жеңілдеп, оларға төнетін қатер де азаяды.
———————————————