Шымкентте үй жинаушы әйелді 17 жастағы жасөспірім пышақтаған болуы мүмкін

Шымкентте үй жинауға жалданған әйелді 17 жастағы жасөспірім пышақтаған болуы мүмкін. Марқұмның денесі бір тәуліктен кейін қоқыс жәшігінен табылған. Полиция күдіктіні қамауға алды. Оның үстінен «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйелдің 2 және 4 жастағы қыздары жетім қалды.
НҰРЖАН МЫРЗАГЕЛДИЕВ, КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғынын өлтіру жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде.
———————————————