Әлеуметтің әлеуеті артады. Аз қамтылған отбасыларға цифрлық ваучерлер арқылы өнімдерге жеңілдіктер беріледі. Әзірге игі бастама пилоттық жоба негізінде таныстырылды. Бұл бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ырықтандырып, тұрмысы төмен азаматтарды қолдауға бағытталған. Аталған жоба Президенттің халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында іске аспақ. Сол сияқты Үкімет отырысында сауда саласын цифрлық трансформациялау барысы талқыланды. Қазір елімізде тауарларды таңбалау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі таңда темекі өнімдері, аяқ-киім және дәрі-дәрмек таңбаланды. Бұл тұтынушылардың құқығын қамтамасыз етпек.
АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ — САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Ақ сауда, ашық және түсінікті. Тауарды қадағалап, қосымша 5 позицияны таңбалаймыз. Матор майы таңбалауға дайын, қосымша кірістер алу үшін контрафакт емес, қауіпсіз және сапалы өнім нарықта болуы керек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.