Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЖҰМБАҚ ӨЛІМ
Жасөспірімнің қолы қанға былғанғаны рас па? Шымкентте бойжеткеннің өліміне кәмелетке толмаған бала кінәлі болуы мүмкін. Марқұмның денесі күресіннен табылған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
МЕКТЕП ҮШІН КҮРЕС
Қарағанды облысына қарасты ауылдағы шағын мектеп жабылғалы жатыр. Жергілікті билік оқушыларды көрші ауылға тасуды немесе интернатқа беруді ұсынды. Бірақ ата-аналар бұған келіспей отыр.
ІРГЕДЕ ӨЛЕКСЕ ӨРТЕЙДІ
«Ауру малдың өлексесін қала іргесінде өртеген дұрыс емес». Атыраулық қоғам белсенділері осылай дабыл қақты. Олардың айтуынша, ауаға түрлі зиянды зат тарап, экологиялық апат тудыруы мүмкін. Тиісті мекеме өкілдері не дейді? Жауабын айтамыз.
ҚАУЫН ЖЕЙСІЗ БЕ?
Қазір қауын-қарбыздың нағыз піскен шағы. Қай өңірдің қауыны тәтті және арзан? Тілшіміз шолу жасайды. Ал жемісті қалай таңдап, тұтынған дұрыс? Маман кеңесіне құлақ түрейік.
ӨРТ СӨНДІРУШІ РОБОТ
Өрт сөндіретін алғашқы ақылды робот. Қазақстанда құрастырылған құлтемірдің қызығын Петропавл құтқарушылары көретін болды. Енді олар жанармай құю бекеттерінде болған отты осы техникамен өшіреді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.