«Өлтіру ниетім болған жоқ, тек қорқытқым келді». Бұл – Руслан Берденовке оқ атқан айыпталушының соттағы сөзі. Бүгін Шымкентте қала әкімінің орынбасары, белгілі кәсіпкер Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты негізгі сот талқылауы басталды. Алғаш болып, күдікті Ернар Жиембай тергелді. Оның айтуынша, ешқандай оқты дәлдеп атпаған, ал әкім орынбасарына шашыраған бытыра тиген. Айыпталушы кінәсін мойындайды, алайда адам өлтіруге оқталу бабымен келіспейді. Ал Руслан Берденов сот отырысына қатысқан жоқ. Жәбірленушінің өкілі айтқандай, ол ауруханада жатыр, осы айда кезекті операция жасалады.
ЖЕҢІС ТЫНЫБЕК, ЖӘБІРЛЕНУШІ ӨКІЛІ:
— Операцияға дайындық болып жатыр. Өкпе, бауырында оқ-дәрі бар. Соның бәрін шығарып, операция жасалып болғаннан кейін қатысуы мүмкін. Берденов қазір реабилитациядан өтіп, қазір ауруханаға қайта жатты.
ЕРНАР ЖИЕМБАЙ – АЙЫПТАЛУШЫ:
— Мен егер өлтіру ниетім болса, Руслан Арысбекұлын қаратып, қашырып, артынан қуалап жүрмес едім, нақты қадамдар жасар едім.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.