Табиғи апаттар неге жиілеп кетті? Сарапшы жауабы

Мамандар әлемдегі табиғи катаклизмдерді жаһандық жылынумен байланыстырады. Қазір бізбен тікелей байланыста – «Қазгидромет» метеорологиялық зерттеулер басқармасының басшысы Бақыт Жездібаева. Бақыт, сәлеметсіз бе. Табиғи апаттар неге жиілеп кетті? Әлде бұл қалыпты табиғи құбылыс па?
БАҚЫТ ЖЕЗДІБАЕВА, ҚАЗГИДРОМЕТ РМК БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
— Иә, қазіргі кезде бүкіл әлемде климаттың айқын өзгерістері байқалуда. Әртүрлі өңірлерде ауа-райының рекордттық ауытқулары тіркелуде. Кейбір жерлерде бұрын-соңды болмаған нөсер жаңбыр мен, су тасқыны болса, кей аймақтарда қатты ыстық пен қуаңшылық орын алуда. Сарапшылар мұндай құбылыстардың жиілеп кетуі жаһандық климаттың өзгеруімен тікелей байланыстырады. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым жаһандық жылынудың салдарынан ыстық толқындар ауалардың жиі әрі қарқынды болып бара жатқанын атап өтуде. Климаттың бұл өзгеруі Жершарының әр жерінде әртүрлі байқалуда. Оның ең бірінші себебі жылыну атмосфера және мұхит жүйесіне әртүрлі әсер етеді. Сондықтан кейбір жерлерде су тасқыны болса, кей жерде ыстық аптап байқалуда.
———————————————