Елімізде үй жөндеу құны осы жазда шамамен 10 пайызға өскен. Пәтерді косметикалық жөндеудің орташа бағасы қазір материалы мен жұмысын қоса алғанда, бір шаршы метріне 35-40 мың теңге. Жөндеу қызметін ұсынатын сайттардағы мәлімет бойынша, ең қымбаты Астана мен Алматыда. Мұнда құрылыс материалы мен жұмысы қосылған пакеттер шаршы метріне 90 мың теңгеден басталады. Мысалы, 40 шаршы метрлік пәтерді жөндегенде Астана, Алматы мен Шымкентте 3,5 млн теңгеңізді жұмсайсыз. Өңірлер бойынша баға айырмашылығы айтарлықтай. Аймақта сұраныс, материалды жеткізу, бригадалардың деңгейіне қарай ерекшеленеді. Ең арзан аймақтар: Ақтөбе, Жезқазған, Қызылорда және Көкшетау. Бұл қалаларда 40 шаршы метрлік үйді жөндеу үшін қолыңызда кем дегенде 1,5 — 2 млн теңгеңіз болуы шарт.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.