Берденовке шабуыл: Өлтіру ниетім болған жоқ, тек қорқытқым келді | 06.08.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ТӘРБИЕШІГЕ СЕНБЕЙДІ
Жекеменшік балабақшалар қашан бақылауға алынады? Атырауда 5 жасар бүлдіршіннің миы шайқалып, қолы сынған. Ата-анасы мұны тәрбиешілерден көріп отыр. Ал балабақша өкілдері балғынның сатыдан құлағанын айтқан. Полиция оқиғаны қылмыстық іс ретінде тергеп жатыр.

БЕРДЕНОВ СОТЫ
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша негізгі сот отырысы өтті. Айта кетейік, күдіктіге кек алу мақсатында атты деген айып тағылған. Оқиғаға екеуара жанжал яғни, жеке басты жақтырмау себеп.

ЖАЛҒАН ЖАУАП
«Магистратураға түсуге кепілдік береміз» деп сұрақтарды сатқан орталыққа қатысты дау шықты. Оларға сенген түлектер сыннан құлаған. Ал орталықты белгілі блогерлер жарнамалаған соң, көбінде күдік болмаған.

ТАБИҒИ АПАТ
Әлемді табиғи апат үрейге бөледі. АҚШ алапат өртпен арпалысып жатса, Қытайды су тасқыны әбігерге салды. Елде қауіптің қара деңгейі жарияланды. Ал Үндістанда сел жүріп, бүтін бір ауылды су шайып кетті.

«МЫҢЖЫЛДЫҚ» НЕГЕ МЫЗҒЫДЫ?
Елордадағы «Мыңжылдық саябағы» орналасатын аумаққа тұрғын үйлер салынып жатыр. Оған рұқсат берген кім? Астананың бас жоспарына енгізілген өзгерісті тиісті мамандар түсіндіріп берді. Ал құрылыс компаниясының уәжі қандай?
———————————————