Астанада бағанға соғылған автобус жүргізушісі рақымшылыққа ілікті

Астанада жол апатына себепкер болған автобус жүргізушісі рақымшылыққа ілікті. Елорданың полиция департаменті ақпаратты растады. Айта кетейік, маусым айының басында қоғамдық көлік бағанға соғылып, бірнеше жолаушы зардап шеккен болатын. Сол сәтте автобус ішінде отырған 7 жасар қыз бала қатты жарақат алып, салдарынан екі аяғынан айырылған еді. Сараптама қорытындысы бойынша, оқиғаға автобус жүргізушісінің кінәлі екені анықталды. Алайда, сот алды тергеу барысында күдікті Рақымшылық туралы заңға сүйене отырып, қылмыстық істі тоқтату жөнінде өтініш жазған. Сөйтіп, іс жабылып отыр.
———————————————