Заңсыз тіркелген 77 жүк көлігі: Ақтөбедегі қылмыстық схеманың беті ашылды

77 көлікті заңсыз тіркеп, 700 миллион теңгеден аса залал келтірген. Ақтөбеде жалған құжат рәсімдеп, жүк көліктерін заңсыз тіркеген қылмыстық топ ұсталды. Олар сатып алу-сату шарттарын, көлік құралдарын тексеру туралы жалған актілерді қолданып, «Автоіздеу» ақпараттық жүйесіне шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет енгізу арқылы көліктерді бастапқы тіркеуден өткізген. Бұл заңсыз әрекет Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облысының аумағында салықтан жалтару мақсатында жүргізілген.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Бастапқы тіркеу алымдарын төлемеу салдарынан мемлекетке келген жалпы залал 740 миллион теңгеден асты. Сот шешімімен ұйымдастырушылар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.
———————————————