Жезқазғанда уақытылы шығарылмаған тұрмыстық қалдықтар тұрғындардың наразылығын туғызып жатыр. Қаладағы қоқыс жәшіктері бірнеше апта бойы тазаланбаған соң, аузы-мұрнына шығып, тіпті айналасы үйілген қалдыққа толып кеткен. Ал тараған сасық иіс жүздеген метрге дейін жетіп, тұрғындардың тынысын тарылтты. Халық қоқыстың апталап шығарылмайтынына шағымданады. Әсіресе аптап ыстықта бұл жағдай тек қолайсыздық қана емес, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруде.
КҮМІС БЕРМҰХАНОВА – ТҰРҒЫН:
— Демалыс күндері қоқыс қаптап, бері қарай ұшып кетеді. Үйдің алдында жатады. Жинала ма, жиналмай ма білмеймін! Үйдің артындағы қоқысты айтпай-ақ қояйын! Бұларды кім тазартады, кім қарайды білмейміз.
АСЛАН АРЫНОВ – ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Осы қоқыс мәселесін шешу мақсатында біз жеке кәсіпкерлерді жұмылдырып, қазіргі таңда қоқыс шығаруға көмектесіп жатырмыз. Бізде ТҮКШ тарапынан екі ескерту бар, егер жағдай түзелмесе олармен келісімшартты бұзып, басқа қызмет көрсетуші ұйым жұмылдыру бойынша жұмыс атқарамыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.