Солтүстік Қазақстан облысында ағаш кесуге рұқсат берген шенділер жауапқа тартылды. Табиғатты қорғау прокурорлары арнайы тексеріс жүргізіп, бірқатар былықтың бетін ашты. Мәселен, Петропавл және Мамлют қалаларының билік өкілдері кесілген ағаш орнына отырғызылуы тиіс көшеттердің көлемін негізсіз азайтқан. Жауаптылар жұмыстың орындалуын да қадағаламаған. Салдарынан өңірде 8 мыңнан астам түп ағаш сол күйі егілмеген. Сегіз кәсіпкер тиісті міндетті атқармаған болып шықты. Әзірге оларға уақыт берілді. Ал олқылық орындалмаса, іс сотқа беріледі. Айта кету керек, бір ағаш кесілсе, орнына он тал егу қажет.
ІЛИЯС ҚОЖАҚАНОВ — ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ПРОКУРОРЫНЫҢ М.А.:
— Петропавл қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы және Мамлют қаласының әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының қаулысымен прокурордың заңды талабын уақытылы орындамағаны үшін, бөлімнің басшысы ӘҚБ туралы кодекстің 665 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Айыппұл толық өтелді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.