Шығыс Қазақстан облысында көктем сайын таситын өзен арналары кеңейтіліп жатыр. Қазір бұл жұмыс Глубокое ауданында қызған. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылы мұнда 50-ге тарта үйді су басқан еді. Мұнымен қоса Прогресс ауылы маңында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жағалауды бекітуде. Жоспар бойынша биыл өңірде 26 қауіпті учаскеде бөгеттер мен жағалаулар нығайтылмақ. Бұл мақсатқа шамамен 2 миллиард теңге қаржы бағытталған.
КОНСТАНТИН БОРОВИКОВ — ГЛУБОКОЕ АУДАНЫ ТЖ БАС МАМАНЫ:
— Бұл жұмыстар тасқын кезінде жауынмен еріген қар суын еш кедергісіз өткізуге мүмкіндік береді. Себебі өзен арнасы айтарлықтай кеңейтіледі. Жалпы бұл өзеннің су жинау алаңы – 24 мың шаршы шақырымнан асады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.