Алматыда БҰҰ-ның өңірлік орталығы ашылды

Түнеугүні түстіктегі астанамыз Алматыда БҰҰ-ның өңірлік орталығы ашылды. Оны құру туралы келісімге қол қою рәсіміне БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. БҰҰ бас хатшысы бұл орталықтың ашылуын «Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың жаңа дәуірі» деп атады. Бұл нені білдіреді? Орталықтың ашылуы Қазақстанға қаншалықты маңызды?
ТЕМІРЛАН ӘБУҒАЛИ — ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ БӨЛІМ САРАПШЫСЫ:
— Бұл жерде енді бір айтып кететін жайт, Антониу Гутерриштің Алматыға сапары ол ұйымның Бас Ассамблеясының сексенінші сессиясының қарсаңында өтті және сол сессияда ұйымның ұйымды реформалау мәселелері талқыланады. Демек, Бас хатшысының сапары ол Қазақстанның халықаралық аренда жауапты делдал мен әріптес мәртебесін мойындауының бір дипломатиялық белгісі және Антониу Гуттериштің өзі айтып кеткендей, Қазақстан ол Батыс пен Шығысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын дипломатиялық көпірдің қызметін атқарады.
———————————————