Грант иегерлерінің тізімін жарияланды

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған грант иегерлерінің тізімін жариялады. Биыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экономиканың басым салалары үшін маман даярлауға ерекше назар аударылды. Гранттың 60 пайызы инженерлік және техникалық бағытқа бөлінді. Әлеуметтік осал топтарға арналған квоталар да сақталған. Сонымен қатар, әскери қызметтегі азаматтарға алғаш рет 2000 астам грант бөлінді. Жалпы, биылғы конкурсқа 113 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық.
———————————————