70 мың теңге мөлшерінде өтемақы берілетіні рас па? Желіде 1949-2010 жылдар аралығында туған азаматтарға 70 мың теңге берілетіні жөнінде ақпарат тараған. Ол үшін сілтемеге өтіп, өтініш беру керектігі айтылған. Алайда Еңбек және әлеуметті қорғау министрлігі бұл ақпарттың жалған екенін мәлімдеді. Ведомство өкілдері бұл тікелей алаяқтардың әрекеті екенін ескертеді. Сондықтан ешбір жағдайда күмәнді сайттарға өтіп, жеке деректі енгізбеуге кеңес береді. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен SMS хабарлама арқылы таратылады. Азаматтар белгісіз нөмірден келген ақпараттарға қаншалықты сенеді? Бұқараның пікірін білдік.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.