Павлодарда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған алғашқы мектеп оқушыларды қабылдауға дайын. 1200 балаға шақталған білім ордасының құрылысы аяқталды. Қазір жиһазбен жабдықталып жатыр. Жаңа мектепте инклюзияға зор мән берілген. Пандус, жеделсаты, тактильді жолақтар мен жарық маяктары орнатылған. Оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, мектепте цифрлық сауат, информатика мен робототехника кабинеттері, ағаш және металл өңдеу шеберханалары, тігін және аспаз бөлмесі, бейнелеу өнері, графика, жобалау кабинеттері мен арнайы зертхана бар.
ШЫНАР КҮЛБЕКОВА — №48 ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– ММК Білім алуға барлық жағдай жасалған осындай мектепте өзім де қуана оқыр едім. Осында келіп оқитын әр бала мұндағы мүмкіндіктерді лайықты бағалайды деп үміттенемін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.