Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЖАЛҒАН ҚҰЖАТ ЖАСАҒАН
Жүк көліктерін заңсыз тіркеп, салық төлеуден жалтарған. Ақтөбе облысының прокуратурасы шындыққа жанаспайтын ақпаратты анықтап, алаяқтарды ұстады. Олар 77 көлікті тіркеу арқылы мемлекетке 740 млн теңге залал келтірген.
ТҰРҒЫНДАР НЕГЕ ТҰНШЫҚТЫ?
Қойнауы жезге толы Жезқазған қоқыс алаңына айналып барады. Қалада қалдық уақытылы жиналмай, тұрғындар күлімсі иіске тұншығып отырғанын айтады.
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КЕЛЕ ЖАТЫР
Жедел жәрдемді күту енді жүйке жұқартпайды. Бригаданың қозғалысын онлайн бақылау алаңдаушылықты азайтып, көмектің жету уақытын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
АЖЫРАСУ ОҢАЙ БОЛАДЫ
Үйлену қалай оңай болса, ажырасу да оңтайлана бастады. Енді некені біржақты бұзу мүмкіндігі бар. Бұл қалай? Екінші тараптың пікірі ескерілмей ме? Заңгер жауап береді.
ӘЖЕЛЕР ӘН ШЫРҚАДЫ
«Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас». Абайдың әндерін ақ жаулықты аналар автобуст ішінде шырқады. Әуелі ұлы ақынның ескерткіші алдында әндеткен әжелер дүйім жұртты серпілту үшін қоғамдық көлікке ойысты.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.