Түркістан облысында жүк көлігі маневрлік тепловозбен соқтығысты

Түркістан облысында жүк көлігі маневрлік тепловозбен соқтығысты. Оқиға Қызылсай мен Шымкент арасындағы күзетілетін теміржол өткелінде болды. Жүк көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, жақындап келе жатқан құрам алдында өткелге шығып кеткен. Қайтыс болғандар жоқ, жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Апат салдарынан 3 жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды.
———————————————