Ақтаудағы балабақшада бүлдіршінді өзге балалар ұрып, тырнап, тістеген

Денесінің сау тамтығы қалмаған. Ақтауда 1 жарым жасар бүлдіршін соққыға жығылды дегенге сенесіз бе? Балабақшада оны 40 минут бойы басқа бала ұрып, тістеп тастаған. Осы уақытта балақайдың қауіпсіздігіне жауапты тәрбиеші жұмыс орнында болмаған. Тапа тал түсте болған жағдайды жекеменшік бақша өкілдері ата-аналарға хабарламаған. Жақында Атырауда да дәл осындай жағдай болды. 5 жасар қыз баланың миы шайқалып, екі қолы сынған. Бұл оқиға да жекеменшік балабақшада болған. Тәрбиешілер бүлдіршіннің баспалдақтан құлағанын алға тартқан. Қазір бұл екі істі полиция тергеп жатыр.
———————————————