СҚО-да тасқыннан соң жаңа үй алған отбасылар баспанасын заңдастыра алмай жүр

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр тасқыннан зардап шегіп, жаңадан үй алған 700 отбасы баспанасын әлі заңдастыра алмай жүр. Бір жылдан астам уақыт өтседе олардың қолында жылжымайтын мүліктің иесі екендігін растайтын еш құжат жоқ. Сары уайымға салынған халық осы күнге дейін талай мекеменің табалдырығын тоздырған.
700-ге жуық отбасының «Бірлік» шағын ауданына қоныстанғанына бір жылдан асты. Десе де басыбайлы баспаналарының құжатын әлі күнге рәсімдей алмай жүр. Сұрақ жақын арада шешілмесе, халық далада қалып қоямыз ба деп үйреленеді.

ОЛЬГА ЧЕКУНОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Аударма /Алғашында бұл үйлерді бізге берген кезде құжаттардың барлығы айырбас шарты негізінде рәсімделеді деген. Сондай келісім болды. Енді қазір бірнеше мекемеге барып, бар істі өзіміз тындыруымыз керек. Ал ол біркүндік шаруа емес қой. Сандалып жүргенімізге жылдан асты.

Былтыр алапат тасқын кезінде баспанасынан айрылғандарға деп демеушілердің қаржысына қала шетінен бүтін бір аудан бой көтерді. Дегенмен халық жылжымайтын мүлікке әлі иелік ете алмай келеді. Тұрғындар бұл мәселемен талай мекемеге барған. Бірақ нәтиже жоқ.

КРИСТИНА ЧЁКУТОВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жауаптылардың айтуынша алғашында тек жерді өз атымызға аудару керек. Бірақ мына ауданда көше, үйдің нөмірі жоқ. Тіпті қолымызға ешқандай құжат берілмей отыр. Яғни істі бастауға тосқауыл көп. Оның үстіне барған жерімізде ақша төлеуіміз қажет екен. Ал былтыр барлығы тегін болады деген. Онысыз да мұнда көшіп келгендер тасқында барынан айрылды ғой.

АЛЕКСАНДР КОРЧИГА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Жергікті билік өкілдері біздің бұрыңғы су басқан үйімізді сүріп, орнына саябақ салып тастады. Біз ол учаскелерді мемлекетке өткізген жоқпыз қой. Бұл қалай сонда? Әкімдікке барып, жаңа баспанамыздың құжатын сұрасақ, тұра берің сіздерді ешкім қуып жатқан жоқ дейді.

Тұрғындардың талабы бір. Олар мәселені біржақты етуді сұрайды. Ал жауаптылардың сөзінше әзірге бұл үйлер құрылыс басқармасының балансында. Артынша ол қалалық әкімдікке өтеді. Содан кейін ғана жекешелендіру басталмақ.

ҚАЛИЯ ТӨРЕНОВА – ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жүйесінде ақау көп. Жұмысты сол тежеп тұр. Сондықтан біз Астанаға шығып, бұл сұрақты барынша шешіп жатырмыз. Тұрғындар құжатты рәсімдеу үшін қаржы төлеуі тиіс. Талап сондай. Сондықтан біз заңға қарсы шыға алмаймыз.

Билік өкілдерінің сөзінше 700 үйді заңдастыру жыл соңына дейін жалғасуы мүмкін. Ал шыдамы таусылған тұрғындар заңгердің көмегіне жүгінді. Осылайша олар прокуратураға арызданып, Президент әкімшілігіне хат жазуды жоспарлап отыр.
———————————————