Атырау іргесіндегі Сарыөзек тұрғындары бірнеше жылдан бері электр қуатына зәру. Халық: «Бір сөніп, бір жанатын жарық салдарынан қарызға алған бүкіл техника істен шықты», — дейді. Ал аптап ыстықта желдеткіш қоса алмай, көп жұрттың апшысы қуырылады. Әр жерде үлбіреп, үзілгелі тұрған тоқ сымдарынан жергілікті жұрт қауіптенеді. «Жыл сайын әкім есебінде мәселені шешеміз деген уәде береді. Бірақ ол кейін сөз жүзінде қалады», — дейді тұтынушылар. Сондықтан тоқ мәселесін биылдан қалмай шешуді сұрайды.
ӘЛИЯ ҚҰРМАНОВА, САРЫӨЗЕК ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Тоңазытқыш екі жыл қатарынан жанып кетті. Былтыр біреуі оның оңдатпай басқа сатып алдық, оны жөндеу қымбатқа шығатын болғандықтан, жаңадан алған тоңазытқыштың кредитін әлі төлеп отырмыз. Бірақ, тағы жасамай қалды. Осы жарықтың кесірінен. Тоқ түк көтермейді. Жарық күнде өшеді. Бір күнде 2-3 рет сөніп қалады.
ҒАСЫРБЕК ТӨЛЕГЕН — ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Ақауға қаладағы электр желілерінің тозғаны себеп. Қазір шаһар бойынша заманауи электр желілерін жүргізу жүруде. Сарыөзек ы/а тұрғын үйлердің электр желілерін қалыпқа келтіру мақсатында «Айком ЖШС» тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстың 80 пайызы аяқталған. Кабельдерді ауыстыру, мыңға жуық бағана орнату сияқты тиісті жұмыстар бар. Мұның барлығыны жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.