Астаналықтар үшін жағымды жаңалық! Қыркүйектің 1-інен бастап тұтынушылар жылу энергиясына 3 теңгеге кем төлейді. Бұған «Астана энергия» компаниясының тарифтік сметаны толық орындамауы себеп болған. Бұған дейін елордалықтар үшін жылу энергиясының тарифі 2707 теңге болса, енді 2704 теңгеге, нақты айтқанда 3 теңге 2 тиынға кемиді. Жыл сайын қымбатшылықтан көз ашпаған астаналықтар үшін коммуналдық қызметтегі жаңа тариф осылайша өзгергелі тұр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.