Мемлекет басшысы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады. Оның айтуынша, кәсіпкер құқығының бұзылуына қатысты 3 275 шағым түсіп, оның 1 759-ы бойынша оң шешім қабылданған. Нәтижесінде, 20 млрд теңгеден астам шығынға жол берілмеген. Жалпы, арыз-шағым 12 пайызға азайып отыр. Кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқығын қорғау стратегиясын жүзеге асыру аясында қордаланған проблемаларды шешуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.
Мұнан соң Мемлекет басшысы Қазақстан инвесторлар қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақовты қабылдады. Президентке қауымдастық қызметінің басым бағыттары мен негізгі бастамалары таныстырылды. Бұл ұйым Мемлекет басшысының ақпан айындағы ірі бизнес өкілдерімен кездесуде берген тапсырмасына сай құрылған болатын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.