Қытайда чикунгунья вирусын жұқтырғандар көбейді

Қытайда чикунгунья вирусын жұқтырғандар көбейді. Алайда дәрігерлер байбалам салудың қажет жоқ дейді. Өйткені бұл індет адамнан адамға жұқпайды. Әйткенмен «сақтықта қорлық жоқ». Індетті таралуын болдырмау үшін елімізде қандай шаралар жасап жатыр.
Аспан асты елінде 5 мың адам чикуньгуня вирусын жұқтырған. Қауіпті инфекция әсіресе Фошан қаласында өршіген. Соңғы аптада ішінде 3 мыңға жуық науқас тіркелген. Таралу аумағын азайту үшін Қытай билігі аурухананы оқшаулап, бақылау жүргізіп жатыр. Осыған байланысты елімізде де эпидемияға қарсы кешенді іс шаралар басталды. Қытайдан Алматы, Астана қаласына тәулігіне 5-6 әуе рейсі қатынайды. Жолаушылар медициналық бақылаудан өткізіледі.

БАЯН ДАВЛЕТЬЯРОВА – СЭД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Санитарлық карантиндік мамандары халықаралаық әуе рейстерінен түскен жолаушыларға дистанциондық термометрия жүргізуде. Температурасы жоғары болса, оларды оқшаулау шаралары жүргізіледі. Эпид анализ жасалып, медициналық көмек көрсетіледі.

Буыны қақсап, дене қызуы көтеріледі. Аурудың басты белгілері осындай. «Кейбір науқаста ауырсыну бірнеше жылға созылуы мүмкін», — дейді дәрігерлер. Инфекциност мамандардың айтуынша, ыстық әрі ылғалды ауада маса белсенді бола бастайды.

БАҚЫТ КӨШЕРОВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС ИНФЕКЦИОНИСТІ:
— Чикунгунья жұқтырған масалар тропикалық және субтропикалық елдерде кездеседі. Оның ішінде Африка, Африканың ішінде Танзания, Кения, Конго, және Азия мемлекеттері – Үндістан, Индонезия, Тайланд, Шри Ланка секілді елдерде кездеседі.

ИНАРА БАРСАҚБАЕВА – ТІЛШІ:
Тропикалық шіркейлер арқылы таралатын чикунгунья вирусы адамнан адамға жұқпайды. Яғни инфекция вирус жұқтырған адамды шаққан маса арқылы таралуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда климаттық ерекшеліктерге байланысты мұндай шіркейлер мекендемейді.

Чикуньгуня вирусы алғаш рет 70-шы жылдары анықталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, биыл әлемде қауіпті вирусты 250 мыңдай адам жұқтырыпты. Бразилия мемлекеті індеттің негізгі ошағына айналды. Чикунгунья вирусынан бұл елде 102 адам көз жұмған.
———————————————