Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап елдегі барлық мектеп пен колледжде «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы іске қосылады. Бұл бала мен жасөспірім арасындағы буллинг азайтуға бағытталған. Еліміздің 9 өңіріндегі 50 мектепте тәжірибе жүргізілген. «Астана, Алматы қаласы мен Абай, Жамбыл облысындағы мектепте жақсы нәтиже көрсетілді», — ведомство өкілдері.
МЕРЕКЕ АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ — ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Апробация нәтижелері көрсеткендей, мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың бірлескен қатысу, жанжалдасу деңгейін төмендетіп, сенім және сыйластық мәдениетін қалыптастырды. Және сол мектептерде ортасы, сол мектептердің ортасы анағұрлым қауіпсіз әрі қолайлы етті. Бұл бағдарлама аясында мамандарды ауқымды даярлау көзделген. Қазірдің өзінде 2,5 мыңнан аса педагог-психолог және білім беру жүйесінің қызметкерлері оқытылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.